ГАЗ ТУРБИНАЛЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ЖАҢҒЫРТУ АЯСЫНДА ТЕХНИКА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЛАР ЖҮРГІЗУ

2023

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-128-5-385-398
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Энергетикада қазіргі уақытта ЖЭС ең көп таралған. Олардың үлесіне Жер шарында өндірілетін электр энергиясының шамамен 75% , ал Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының шамамен 85% тиесілі. Энергия жүйесіндегі қуат тапшылығына байланысты, сонымен қатар отынды пайдалануда экологияға кері әсерін төмендету мақсатында еліміздің мұнай кен орындарында отынды пайдалану үшін мақалада мұнай кен орнында жұмыс істейтін қарапайым газ турбиналы электр станциясының (әрі қарай ГТЭС) энергия тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған. Электр станцияларынының техника-экономикалық көрсеткіштері төмен, ұсынылып отырған тәсілдермен алмастыру – жылу энергетикасының техникалық дамуының маңызды бағыты болып саналады. Тиімділікті арттырудың екі сұлбасын қарастырамыз: біріншісі – технологиялық қажеттіліктерге бу шығару үшін кәдеге жарату қазандығын пайдалану, ал екіншісі - кәдеге жарату қазандығы мен бу турбинасын пайдалану арқылы электр энергиясын өндіру. Жұмыс жасап тұрған ГТЭС қажеттіліктерін ескере отырып, Aspen HYSYS негізінде модельдеу жасалды. Модельдеудің нәтижесінде, кәдеге жарату қазандығын пайдаланып, станциядағы қазандықтардың орнын толық алмастыратындай 350 т/сағ бу шығару мүмкіндігі бар екендігін көрсетті. Екінші сұлбаны пайдалану арқылы сараптама нәтижесі 262,42 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіру мүмкіндігін берді. Сонымен қатар, экологиялық талдау жүргізгенде екі сұлба бойынша да парниктік газдардың көрсеткіштері бір – біріне жақын екендігін көрсетті. Қарастырылып отырған мәселелерді шешу мақсатында неғұрлым маңыздылығы жоғары технологияны пайдаланып, Қазақстандағы мұнай кен орындарында технологиялық, экологиялық және экономикалық талдаулар жүргізілді. Нәтижесінде бірінші нұсқа тиімді деп қорытынды жасауға болады.