Газет тақырыбындағы прецеденттік бірліктер қолданысы

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2023-142-1-104-111
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мәдениеті мен халықтық тілдің қалыптасқан дәстүрін ғылыми тұрғыдан сараптап, қазақ тілінің зерттелуі барысында ғылым ретінде қалыптасып үлгерген прецеденттік бірліктердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы берілу сипаттарына талдау жасап, тіл мәдениетіндегі лингвомәдени, этномәдени қырларын ғылыми, тәжірибелік тұрғыдан жіктеуге бағытталған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы прецеденттік атаулар мен есімдер мәдени мәнді атау ретінде мәдени ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан мәдениаралық коммуникация, тіларалық коммуникациядағы прецеденттік атаулардың көріністерін, берілуін тілдік табиғатын танудағы өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі тұрғысынан зерттеудің сауттылықты арттыруда маңызы зор. Соған орай зерттеу барысында қазіргі заманғы теориялар және тұжырымдамаларды салыстырмалы талдау негізінде прецеденттік бірліктердің аймақтық баспасөз беттеріндегі қолданыстары нақты мысалдар арқылы сипатталып, олардың прагматикалық қызметтері көрсетілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында прецеденттік есімдер негізінен прагматикалық мақсаттарда жасалынып, оқиға желісінен алдын ала мәлімет беріп, тұтынушыға оқиғаны әсерлі, түсінікті, тиянақты, оқиғалы жеткізілуіне негіз болады. Бұл өз кезегінде ақпарат құралдарында қызмет ететін журналистердің ұлттық дәстүр, салт, мәдени, қоғамдық-саяси мәселелерді жетік білуімен қатар, кәсіби біліктілік шеберліктерін де айқын аңғаруға мүмкіндік береді. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы тіларалық коммуникацияда ым-ишара, түрлі жаргон сөздермен жауап қайыра салу да сөздік қордың азаюына әкеп соғатын үлкен қатер екенін белгілі. Сондықтан сөз мәйегін түсіну, аз сөзбен көп мағына беруге ұмтылыс жасау заман талабынан туындаса керек.