Abstract
Қазірі таңда ЕДБ қызметі кез-келген мемлекеттің экономикасының қалыпты дамуының маңызды атрибуты сынды. Дамыған банктік жүйе тек бизнес саласының ғана емес, сонымен қатар көптеген жеке тұтынушылардың күнделікті тұрмыстарында да маңызды орынға ие болуда. Кез-келген мемлекет үшін банк жүйесініңтұрақты қызмет етуінің негізгі қайнар көзі ол банктік реттеу мен қадағалаудыңтиімділігінде болып отыр. Аталмыш мақаланың мақсаты екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаудың шетелдік тәжірибесін қарастыру арқылы, қажетті және тиімді тәжірибені отандық банк секторын реттеу жәнеқадағалау барысында барынша қолдануға ұсыну.Жалпы мақалада дүниежүзіндегі банк саласын реттеу және қадағалау құзыреттілігі әрмемлекеттер әртүрлі екендігі басшылыққа алына отырып, бірыңғай банктік қадағалауды жүргізетін жалғыз орган және бірнеше орган бар мемлекеттер тізімі де келтірілген.Мақалада Еуропа Орталық Банкі мен Швейцария мемлекетінің қадағалаушы органдарытәуекелді алдын алудағы тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаулары қарастырыла отырып, Швейцарияда банктерді қадағалау барысында банктердің тәуекел профилінің ескерілетіндігі және қадағалау режимдерінің біркелкі еместігі анықталды. Сондай-ақ Еуропа Орталық Банкі қадағалаудың бірыңғай үлгісін қолдана отырып, қадағалауүрдісінде банкте қандай көрсеткіштерді бағалайтындығы да сипатталған.