Abstract
Бұл ғылыми мақалада коммуникациялық технологиялардың қарыштап дамыған ақпарат тасқыны кезеңіндегі жаңалық тарату қызметі және ондағы өзгерістертерең қарастырылады. Әлемдік зерттеушілер Эверетт Деннис, Джон Мэрилл, ДжонНэсбит, Элвин Тоффлер, Рольф Добелли, Тейлор Фило, Ален де Боттон және ТомасПаттерсеннің ғылыми тұжырымдары сараланып, ресейлік ғалымдар Лада Браславец пенРудольф Борецкийдің пайымдаулары сөз болады. Сондай-ақ, жаһандық сарапшылар НилСноу мен Уолтер Липманның сараптаулары зерделеніп отыр. Жаһандық зерттеуші-ғалымдардың жаңалықта болуы тиіс және ескерілуі қажет он екі факторына талдау жасалынады.Сонымен бірге, бүгінде әлемдік сарапшылар жаңалықтардың мән-мазмұнына көрермендердің назарын еріксіз аударатын ойын-сауықтық элементтердің барлық түрлерін енгізуге назар аударатынын заманауи тренд ретінде бағалап отырғаны зерделенеді. Цифрлы дәуірде ауқымды аудиторияны қамту үшін жасалынып отырған мұндай қадамдарғатұжырым жасауда автор ресейлік профессор Рудольф Борецкийдің зерттеулеріне жүгінген.Ақпараттық соғыс пен цифрлы қоғамдағы ымырасыз бәсекелестіктің телевизиядағыжаңалықтар қызметіне әкелген өзгерістері мен әсері әлемдік ғалымдардың зерттеулерінегізінде терең талқыланып, автордың өзіндік пайымдауларымен қорытындыланады.«Хабар 24», «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «КТК», «31-арна» және «Орт-Евразия»сынды отандық телеарналардағы жаңалық тарату қызметіне цифрлы дәуір әкелгентрансформация мәселесі тұжырымдалады. Автор, сондай-ақ заманауи жаңалық тарату қызметіндегі «жұмсақ» жаңалықтар мен ресми жаңалықтардың бір-біріне орынығыстыру мәселесіне көңіл бөліп, ғылыми талдаулар ұсынып отыр.Зерттеуде мәтіндік талдаулар, жаһандық ғалымдардың ғылыми тұжырымдары менанықтамаларын кездестіре аламыз.