Abstract
Мақалада қазақ киносындағы неомифологизмдердің көрінісі заманауи ғылыми ізденістермен мазмұндық форма тұрғысынан қарастырылып, қазіргі метомодернизм бағыты контекстіндеқарастырылады. Қазақ киносындағы мифологиялық сипатты алғашқы көркемсуретті фильмдердіңкадрларынан байқаймыз. Дегенмен, қазіргі кино саласы жаңа уақыт, жаңа технологиялармен қалыпты түсініктерді өзгеріске ұшырату үдерісіне қарай бағыт алды. Қазақ кино өнерікеңістігіндегі мифологемалар «нео» формасы мен идеясына қарай қайта трансформацияғаұшырады. Бұл күрделі жағдайдың негізгі себептері жаһандық мәдениеттің интеграциясынантуындады. Осы тұста қазақ фильмдері де әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде аталған заңдықұбылыстан шет қалмады.Зерттеуде ұлттық кино саласындағы мифологемалар ХХ ғасырдың тарихи ракурсынанбастау алып, бүгінгі заманауи кезеңге дейін қарастырылады. Сонымен қатар кинодағы қоғамбейнесі түрлі мифтік-сюжеттік өрнектермен нақышталып, тақырыптық-идеялық контент талдаумақсатында зерттеу көзіне айналады. Мәдени кеңістікте болып жатқан өзгерістер алдымен әдебишығармаларға еніп, кейін мифология мен мифологемалар арқылы пайда болып «неомифологизм»түрінде экранға жол тартты. Зерттеудің мақсаты – заманауи қазақ киносындағы неомифологияныңжалпыұлттық немесе жеке тұлғалық интерпретациясын жан-жақты қарастыру. Интерпретация«түсінік беру» дегенді білдіреді. Мысалы, музыкадағы интерпретация кез келген шығарманыөңдеушінің немесе орындаушының түсінігін ескере отырып өңделуі мүмкін.Зерттеу мақаланың негізгі бөлімінде заманауи қазақ киносындағы мифологиялық мазмұнғаие көркемсуретті фильмдер бір ғылыми жүйеге топтастырылып, ондағы неомифологизмдеротандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерімен салыстырмалы түрде талданады. Шетелдікзерттеушілер Артур Шопенгауэрдің, Павел Гринцер, Зигмунд Фрейд, Джан Нансидің мифтіккөзқарастары мен тұжырымдары салыстырмалы сипатқа ие болады. Кинорежиссер ЕрмекТұрсыновтың «Шал» (2016), Сәбит Құрманбековтың «Оралман» (2019), Ақан Сатаевтың «Томирис»(2015) сияқты фильмдеріндегі неомифологияның элементтері фольклорлық, мифологиялық,философиялық-тарихи бейнелер негізінде сипатталады. Мәселен, «Шал» фильміндегі қасқыртуралы аңыздың неомифологиялық көрінісі қазақтың рухани құндылығының маңызын аша түседі.Зерттеуде тарихи-этнографиялық, кинотанушылық, өнертанушылық, мәдениетанушылық,салыстырмалы-талдамалық, сондай-ақ эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық әдістер қолданыс тапты. «Неомифологизм» терминін зерттеген қазақстандық ресейлік, шетелдікавторлардың еңбектері әр тарихи кезеңдер бойынша сараптамадан өткізілді. Ғылымимақаланың нәтижелері кино өнеріндегі неомифологияның көрінісі туралы зерттеу жүргізетінотандық және халықаралық өнертанушы ғалымдар мен кинотану саласының мамандарынаарналады.