Abstract
Мақалада Алаш қайраткерлерінің бірі, ақын, жазушы, аудармашы, публицист, халықмұрасының жанашыры Ілияс Жансүгірұлының өмірі мен шығармашылығына ақынның қолжазбаларынегізінде шолу жасалды. Сондай-ақ, ақынның фольклорлық мұраларды жинауы мен жүйелеуі,жариялауы мен зерттеуі туралы еңбектері жан-жақтылы қарастырылды. Бұған дейінгі ілиястануғабайланысты жазылған еңбектерден ақынның фольклортанулық қырлары туралы жазылған зерттеулерарнайы назарға алынып, оларға сілтемелер жасалды. Ілияс Жансүгірұлының құрастыруымен жарықкөрген фольклорлық мәтіндер мен әлі де жарық көрмей, ақынның қолжазба қорларында сақтаулы тұрғанқұнды дүниелер туралы шағын мәлімет берілді. Ақынның өзінің тікелей құрастыруымен жарық көргенхалық мұрасына жазған алғы сөздеріндегі кейбір құнды ой-тұжырымдары бүгінгі фольклортанудыңғылыми жетістіктері аясында сараланды. Мұрағатта күні бүгінге дейін сақталып келген ақынеңбектерінің шағын библиографиялық көрсеткіші жасалып, ол туралы мәліметтер берілді. ҚР Орталықархивінде сақтаулы тұрған, әлі баспа бетін көрмеген материалдарына сараптаулар жасалды. 1916жылғы Жетісудағы қазақтардың көтерілісі туралы ел арасынан жинаған материалдары туралы қысқашашолу жасалды. 1927 жылы Мәскеуден жарық көрген «Өтірік» кітабына, 1929 жылы жарық көрген«Шәркей» (балаларға арналған) кітапшаларына тоқталып, онда қамтылған дүниелерге сараптауларжүргізілді. Ілияс Жансүгірұлының фольклорға қатысты еңбектеріне халық мұрасының жанашыры жәнезерттеушісі тұрғысынан талдаулар жасалды.