ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ ӘСЕРІ БАР, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛГЕН НАСЫБАЙГҮЛ ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЭФИР МАЙЛАРЫН АНЫҚТАУ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.24.51.034
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі кезде зең саңырауқұлағы инфекциясын емдеуде маңызды шешілмеген мәселелер бар. Айта кетсек, әлемдік фармацевтикалық нарықтағы зең саңырауқұлаққа қарсы препараттардың көбісі синтетикалық дәрілік заттар болып келеді, мұндай дәрілік заттарды қолданған кезде көптеген қарсы көрсеткіштер байқалады, атап айтқанда жеке төзімсіздік, ауыр жанама әсерлер. Тағы бір мәселе, нарықта бар препараттардың зең саңырауқұлақтарына қарсы тиімділігі төмен, олардың штамдары уақыт өте келе осы препараттарға төзімділік танытады. Осыған байланысты организмге жоғары әсер көрсететін төмен уытты тиімді фитоқұралдарды іздеу және зерттеу өзекті болып келеді. Зеңдік ауруларға қарсы әсері бар отандық дәрілік өсімдік шикізаттарының көптеген түрі бар. Бірақ олардың зеңге қарсы әсері өте аз зерттелген. Сондықтан да біз Қазақстанның климатында өңай өсетін, қолжетімді, өнімділігі жоғары яғни тез өсетін бір жылда бірнеше рет жинауға мүмкіндігі бар, құрамындағы биологиялық активті қосылыстары зеңге қарсы күшті әсер көрсететін, тек зеңге ғана емес адам ағзасындағы басқа да ауруларға басқа да қосымша оң әсер көрсететін өсімдіктерді іздендік. Нәтижесінде бірнеше өсімдікті қарастырдық. Ішінде ең тиімді және қолжетімді, жоғарыда аталған біздің қалауымызға сәйкес келетін, құрамы жағынан бай өсімдік – Насыбайгүл (Базилик), халық арасындағы атауы Райханды таңдадық. Насыбайгүл өсімдігін тиімді әдіспен өсіріп, жинап, кептіріп, зеңге қарсы әсер көрсететін эфир майларының үлесін зерттедік.