Abstract
Бауыржан Момышұлы шығармаларының тарихи, танымдық және тәрбиелік мәні мен маңызы туралы зерттеу жұмыстары баршылық. Алайда, білім беру саласында зерттеудің теориялық тұсынан бөлек әдістемелік жағын да қарастыру қатар жүретін процесс. Сондықтан, автор шығармаларын оқытудың тиімді педагогикалық технологияларын анықтау өзекті болып отыр. Б. Момышұлы шығармаларын оқытудың ғылыми-әдістемелік аспектілерін анықтау зерттеу мақаласының негізгі мақсаты. Мақалада жоғары мектепте білім берудің инновациялық технологиялары мен интербелсенді әдіс-тәсілдері арқылы Б. Момышұлы шығармаларын оқытудың жаңа ғылыми-әдістемелік жүйесі ұсынылған. Осылайша, зерттеу барысында әдебиет пен әскер майданында қолына қару мен қалам алған автор шығармаларының мазмұндық әрі көркемдік ерекшеліктері ескерілген. Сәйкесінше, оқытудың жаңа әдіснамалық моделі тың әдістер арқылы ұсынылып, тиімділігі дәлелденді.