ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-61-4-16-25
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Әлеуметтік кәсіпкерлік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, күрделі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешудің қуатты тәсілі ретінде танылды. Алайда, бұл қос миссия әлеуметтік кәсіпорындарды әртүрлі тәуекелдерге ұшыратады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті бизнес-қызметтің ерекше нысаны ретінде тек дамушы экономикалық құбылыс деп санауға болады. Еліміздің экономикасы әлеуметтік бағдарланған болса да, қазіргі уақытта әлеуметтік мәселелердің едәуір бөлігі назардан тыс қалуда. Аталған мәселені шешу үшін кәсіпкерлер арасында «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымының кеңауқымды таралуы мен қолданысын кеңейтуді қажет етеді. Мақаланың мақсаты әлеуметтік тәуекелдерін анықтап, оны жеке және мемлекеттік деңгейде басқару мен реттеу жолдарын анықтау болып табылады. Бұл талдауда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі тәуекелдері туралы түсінік алу үшін осы саланың жетекші сарапшылары жазған соңғы ғылыми жұмыстарға терең зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде әлеуметтік кәсіпорындардың алдында тұрған көп қырлы тәуекелдер туралы ақпарат жинақталды.Мақалада, әлеуметтік кәсіпкерліктегі тәуекелдер деңгейі бойынша жіктеліп, оларды мемлекеттік басқару және реттеу жолдары ұсынылды. Мақала, тәуекелдерді және оларды төмендетудің қол жетімді стратегияларын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және мақаланы оқыту курстарына, әлеуметтік кәсіпкерлерге ақпараттық құрал ретінде қолдануға болады.