ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2023

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2023.v70.i3.06
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада цифрлық сауаттылық мәселесі кәсіби құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «жасанды интеллект» ұғымының мәнін және оның цифрлық сауаттылықты қалыптастырудағы маңыздылығын түсіндіру. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру цифрлық экономиканың дамуын жеделдетудің басымдықтарының бірі ретінде танылды, ал цифрлық сауаттылық әр адамның цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті өмір сүруі және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті негізгі дағдылардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар саласында зерттеулер кеңінен жүргізілуде. Көптеген ғалымдардың компьютерлік бағдарламаларды құру, талдау, модельдеу, жүйелерді оңтайландыру және жасанды интеллект құру саласындағы жетістіктері бүкіл әлемге танымал. Бизнес пен ғылым тиімді ынтымақтасатын экономикасы бар елдерде инновацияларды нарыққа шығару қарқын алып, ұзақ мерзімді перспективада бәсекелестік басымдық танып отыр. Кез келген мекемеде жасанды интеллект жүйелерін енгізуінің қозғаушы күші қызмет процесін автоматтандыру арқылы тиімділікті арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясы қызмет мүмкіндіктерін даралап көрсете отырып, қоғамның сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Десек те, қазіргі уақытта жасанды интеллекттің дамуына әсер ететін экономикалық сектордың негізгі мәселелерін «салаішілік» және «саладан тыс» деп екі санатқа бөлуге болады. Біріншісіне, әлемдік көшбасшыларға қарағанда төмен деңгейдегі фирмалардың инновациялық жобаларды енгізуі мен іске асыруы, екіншісіне, еңбек өнімділігінің төмендігі және автоматтандыруға жататын жұмыс орындарының үлкен үлесі, жабық және ескірген деректер құрылымдары, мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларының жеткіліксіз енгізілуі, еңбек мәселелері жатады. Жалпы алғанда, сыртқы сын-қатерлерге кейбір салаларда (денсаулық сақтау, білім беру, көлік т.б.) жасанды интеллект дамуының, дербес деректерді қорғау туралы заңдардың болмауы немесе жетілмегендігі және капиталға қолжетімділіктің шектелуі жатады. Бұл мәселелер түрлі зерттеулер мен көзқарастар тұрғысынан нақты талдауды қажет етеді.