ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН ТАЛДАУДА ИҚ СПЕКТРОСКОПИЯСЫН ҚОЛДАНУ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.78.60.048
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Дәрілік өсімдік шикізатының сапасын анықтаудың ИҚ-спектроскопиялық экспресс-тәсілі, құрамында дәрілік өсімдіктерді іріктеу, ұнтақтау, дәрілік өсімдік шикізатының үлгілерін зерттеу болып табылады, ол мыналармен ерекшеленеді: дәрілік өсімдік шикізатын ұнтақтау; алынған үлгіні арнайы сынама даярлаусыз орналастырады; үлгінің химиялық құрамына сәйкес келетін ИҚ-спектрінің сипаттамалық жиіліктерінің мәндерін сәйкестендіреді және дәрілік шикізаттың эталондық үлгілері үшін кестелік спектрлік деректер бойынша дәрілік өсімдік шикізатының түпнұсқалығын айқындайды; дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамына тән емес және антропогендік ластану нәтижесінде пайда болған үлгідегі функционалдық топтардың болуын айқындайды. Қазіргі таңда бұзылған толық ішкі шағылысудың ИҚ-Фурье спектроскопиясы әдісімен әртүрлі түрлер мен морфологиялық топтардың дәрілік өсімдік шикізатын сәйкестендіру арқылы анықталады. Бұл жұмыста Saussurea sordida Kar. & Kir. Және Saussurea alpine( L.) DC. дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынған 70 % этил спиртімен алынған сұйық экстракттарының ИҚ-спектрлері көрсетілген. Мақсаты: Осы зерттеудің мақсаты әртүрлі түрлер мен морфологиялық топтардың дәрілік өсімдік шикізатын сәйкестендіру үшін ИҚ спектроскопиясын қолдану мүмкіндігін зерттеу болды. Материалдар мен әдістер: Зерттеуді орындау үшін Saussurea sordida Kar. & Kir. және Saussurea alpinа (L.) DC. өсімдіктерінің жер үсті бөліктері қолданылды.Шикізат 2022 жылдың жазында тамыз айында Түркістан облысының аумағында жаппай гүлдену кезеңінде жиналды. Жинау кезінде шикізаттың әртүрлі морфологиялық топтарын жинау ережелеріне сүйене отырып жиналды. ИҚ спектроскопия әдістемесімен дәрілік заттардың түпнұсқалылығын зерттеу Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу зертханасында ИҚ-Фурье спектрометр көмегімен жүргізілді. ИҚ спектрлері ИҚФурье аспабында алдын ала сынама дайындаусыз алынды. Нәтижелер мен талқылау: ИҚ спектрінің үлгісі мен сіңіру жолағының қарқындылығы шикізаттың әр түріне қатаң тән екендігі және үлгінің стандартты спектрін құралға енгізген кезде түрлердің сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретіні эксперименталды түрде анықталды. Фенолдық қосылыстардың болуымен бос топтардың валенттік тербелістеріне байланысты зерттелетін ДӨШ сұйық экстрактсының ИҚ спектрлерінде флавоноидтардың хош иісті бөлігіне тән сіңіру жолақтарын ажыратуға болады.