Abstract
Алматы қаласы бойынша балалардың аллергиялық ауруларының өсуіне атмосфералық ауа ластануының және жауын-шашынның әсерін зерттеу. Жұмыстың міндеті: Атмосфералық ауа ластануының метеорологиялық жағдайларын қарастыру және оны балалардың аллергиялық ауруларымен корреляциялық байланысын анықтау. Зерттеу әдістері: статистикалық анализ әдісі. Бұл жұмыста атмосфералық ауаның ластану жағдайы және Алматы қаласының жауын-шашын мөлшері қарастырылған. 2019-2021 жылдар аралығындағы ресми статистика деректері бойынша аллергиямен ауырған балалардың саны анықталды. Соңғы жылдары Алматы қаласының ауа райына синоптикалық талдау жүргізілді.