Abstract
Бұл ғылыми зерттеу жұмысында тәжі разряд (ТР) көмегімен ауыз суды залалсыздандыру мәселесі қарастырылған. Тәжі разряды озонатордағы нихром немесе вольфрам өткізгіштің айналасындағы электр өрісі әсерінен пайда болады. Яғни түтіктен жасалған камера ішінде ионизация әсерінен электрод айналасында тәжге ұқсайтын разряд пайда болады.Тәждің жарқырауы қоршаған газға түсіп, қарама-қарсы түтіктен жасалған электродқа жетпейді. Электродтарға түсетін кернеудін шамасын ұлғайтатын болсақ қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Кернеудін шамасы ұлғайған кезде электрод айналасындағы тәжі разряды доғалық разрядқа ауысып қондырғы істен шығуы мүмкін.Сондықтан кернеудін шамасын тұрақты денгейде ұстау қажет. Тәжіленуші электрод айналасында электрондық эмиссия құбылысын байқауға болады. Озонатордын қуатын жоғарлату үшін оған генератордан әртүрлі ток беруге болады. Мысалы – тұрақты, айнымалы, импульстік және т. б. Мақалада халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы басты технологияларының бірі – суды озондаудың әлемдік тәжірибелеріне шолу жасалған және техникалық сипаттамалары берілген. Сонымен қатар дәлелденген озық тәжірибелерді, оның қатарында тәждік разряд негізіндегі озонаторларды Қазақстанда тиімді пайдалану және оларды еліміздің климатына сәйкес жетілдіру ұсынылады.