КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ҮШІН ӨНДІРІСТЕ ЖАРАҚАТ ПЕН ӨЛІМ СТАТИСТИКАСЫН ТАЛДАУ

2023

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2023.v68.i1.10
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде қаза тапқандар санын азайту үшін ел өңірлеріндегі жекелеген кәсіпорындардың еңбекті қорғау саласындағы жұмысына қатаң бақылауды күшейту қажет. Өндірістік жарақат еңбек қауіпсіздігі саласындағы шешімді қажет ететін жетекші мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл жағдайда өндірістегі жазатайым оқиғалардың табиғатын және оларды жоюдың оңтайлы әдістерін қарастыру мәселесі өзекті. Осы бағытты жетілдіру үшін статистика органдарымен жасақталған жазатайым оқиғалардың статистикалық мәліметтері бойынша 2021 жылы Қазақстан Республикасында 2133 жазатайым оқиға тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы санынан әйелдер 18,2% құрады. Мұның өзінде 240 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 351 – кәсіптік аурулардан, 47 - улану кезінде зардап шеккен. Жазатайым оқиғаның нәтижесінде 592 адам жабық сынық, 456 - сыртқы жарақат, 246 - шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты, 124 – ашық сынық, 106 - термикалық күйіктер алды, 71 – ашық жарақат. Дененің неғұрлым әлсіз бөліктері: бас, бастың толып жатқан зақымдары (34 адам); көкірек қуысы (осы жарақаттан 32 адам өлді). 2021 жылы ең көп тараған кәсіптік аурулар: дорсалгия (200 адам); радикулопатия (196 адам); діріл әсері және басқа сыртқы себептері (146 адам). Зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымдағы жұмыс істеген 30 жастан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар. Осы мақалада статистикалық деректер негізінде өндірісте қаза тапқандар мен зардап шеккендер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының салалары бойынша жұмыс істейтіндердің жарақаттану көрсеткіштері талданады, неғұрлым жарақаттану қаупі бар салалар айқындалады.