Шартты түрде соттаудың ұғымы мен құқықтық табиғаты жөнінде

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2023-144-3-80-93
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қылмыстық саясатты трансформациялау жағдайында бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды ұстауды ізгілендіру, қылмыстық, қылмыстық атқару заңнамалары салаларындағы халықаралық құқықтық актілерді имплентациялау, баламалы пенитенциярлық емес санкциялардың қолдану аясын кеңейту кеңінен өріс алуда. Сол жаңа қылмыстық заңнаманың іске асырылуымен «түрме тұрғындарының» саны азайды, ал оның негізгі үлесі шартты түрде соттауды қолдануға тиесілі. Шартты түрде соттаудың маңыздылығы сол, қылмыстылықтың азаюымен сенім мен ұйымдардың ықпалының рөлі күшейе отырып, жазалау сипаты өзгереді. Бұл өзгерістер қылмыстық қуғын-сүргінді үнемдеп қолданатын, жазаның мәжбүрлеуші ықпалын жеңілдететін құқықтық институттардың көмегімен жүзеге асатын болады. Шартты түрде соттаудың құқықтық табиғаты мәселесі заң ғылымы теориясы аясында даулы көзқарастар тудырды. Сол бірыңғай көзқарастардың болмауы салдарынан практикада шартты түрде соттау институтын қолдану негіздерін, пробациялық бақылауда сотталғандар орындайтын шарттарды тағайындау, соттылықты жою, алып тастауды анықтауға қатысты сұрақтарды шешу кезінде қиындықтар туындауда. Оның үстіне соңғы жылдары қайталап қылмыс жасағандардың басым бөлігін шартты түрде сотталғандар құрап отыр. Ал мұның бәрі шартты түрде соттау институтын жетілдіру мәселесін өзекті етпек. Авторлар мақалада шартты түрде соттаудың құқықтық табиғатын дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңыздылығын ескеріп, шартты түрде соттау ұғымы мен оның құқықтық табиғатын қарастырады және түрлі көзқарастарды талдайды, сондай-ақ шартты соттауды тағайындау және оның күшін жою негіздерін түсіндіреді.