ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.3-09
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Еліміз егемендік алғаннан кейін әлемдегі сандаған елдермен түрлі саладағы байланыстаржасалып, қазақ халқының тәуелсіздігі мойындалып, еліміздің ұстанған бағыт-бағдарлары айқындалды.Туысқан халықтардың жақындасуына қолайлы нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл мәселеде түркі тілдесхалықтардың бір-бірімен байланысы, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастардың орнығуынағылым мен өнер барынша ықпал етуі тиіс. Балалар әдебиеті дегенде біздің ойымызға орта мектептегіәдебиет сабақтары еске түседі. Яғни балалардың әдебиеттің негізгі қайнар көзімен танысатын,танитын, білетін кезі әріп танып, өз бетімен шығарма оқуы осы мектеп кезінен бастау алады. Әдебиетоқулықтары жас жеткіншектерді өз халқының бай әдеби мұраларымен, атақты жазушылардың таңдаулышығармаларымен таныстырады. Жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелейтін, табиғат, қоғамтанытатын материалдардың барлығы дерлік әдебиет сабағында беріледі. Сондықтан орта мектепкеарналған оқулықтарда, хрестоматияларда туған әдебиетінің мол байлығы тиісті дәрежеде көрініс табуытиіс. Мектеп оқулықтарында балаларға арналған шығармалардың берілуі шарт. Бұл зерттеу мақаламыздыңмақсаты: түрік және қазақ орта мектеп оқулықтарында берілген балалар әдебиеті шығармаларыныңұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау, қазақ және түрік әдебиеті оқулықтарындағы жазушыларсанын анықтау, оқулықтарда берілген прозалық, поэзиялық шығармаларыдың көлемін айқындау,Қазақстанда түркі әдебиеті өкілдерінен кімдердің шығармалары оқытылатынын зерттеу, екі елге ортақоқытуға міндетті ақын-жазушылар мен олардың әдеби шығармаларының тізімін ұсыну. Себебі түбібір түркі халықтарының ортақ мұраларын білу, әсіресе қазіргі заманғы жазушыларын тану, болашақтамақсаты бір туыстас елдердің бірлігін нығайту жолында атқарылатын негізгі жұмыстардың бірі.