Abstract
Мақалада «лақап есімі» терминінің мағынасы қарастырылған. Лақап есім мотиві –фольклорлық қаһарманның ерекше қадыр-қасиет пен күш иесі, арнайы миссиясы бар жасампаздығындәріптейтін көркемдік көріктеу құралы. Ол – фольклорлық шығарманың сюжеттік желісінің кішкенебір бөлшегі ретінде басты қаһарманның «ерекше балалық шағын» суреттеуге қызмет жасайды. Мотивертеден келе жатқан кісіге ат қою ғұрпымен тығыз байланысты дамып, оның фольклордағы жаңғырығыретінде көріктеу құралына айналған. Лақап есім – инициация рәсімінің мазмұнынан қалыптасқан ат қоюғұрпының бір көрінісі. Аталмыш ғұрыптың шығу тегі ертедегі адамдардың дүниені үш тағанды (жоғары,орта, төменгі) тұтас космос деп таныған мифологиялық кезеңнен бастау алады. Үш тағандық модельдіңтаным-түсінігі бойынша, адам баласының бұл өмірдегі тыныс-тіршілігіндегі өзгерістері мен атқарғаністері жоғары дүние (тәңірі) немесе о дүниелік (төменгі дүние - аруақтар) тылсым күш иелерінің ерек-ше қолдауымен болады-мыс. Тылсым қолдауға ие болар тетіктің бірі - кісі есімі және ол үнемі өзгеріп,жаңарып отырады. Мақаланың мақсаты адамзат қоғамының ежелгі дәуірі және ерте орта ғасырларкезеңіндегі кісі есімінің өзгеруі белгілі бір наным-сенімдермен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланыстыанықтау. Мақалада фольклордағы лақап есім шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық ере-кшеліктеріне өзіндік қызмет жасайтын тұрақты мотив ретінде қарастырылған. Лақап есім мотивініңфольклорлық шығармалардағы сыр-сипаты әртүрлі. Эпикалық шығармалардың сюжетіндегі лақап есіммотивінде көне наным-сенімдерге құралған мазмұндар жиі кездессе, аңыз әңгімелерде қаһарманныңлақабы ел үшін жасаған ерлік, батырлық істерінің нәтижесінде орын алып отырады. Қазақ фольклорын-да болашақ лауазым иесінің немесе батырдың жас күнінде атсыз немесе лақап есіммен жүру көрінісікездеседі. Қазақтың батырлық ертегісіндегі Желкілдек сынды қаһарманның ерлік іс жасағанға дейін ат-сыз жүруі, қазақтың тарихи аңыздардағы Абылай, Жалаңтөс, Қабанбай т.б.батырлардың ерлік істерден,ал Едіге, Қазыбек, Сәбден, Едіге сынды шешен кісілердің дау-дамайды танытқан тапқырлықтарынанлақап есім алуы – шығарма сюжеттерінің ажырамас бөліктерінің бірі. Түйіндей келгенде, қаһарманғалақап есім беру - қаһарман ғұмырнамасының ерекшеліктеріндегі өзгерістерге қарай фольклорлық обра-зды асқақтату, оны шығарманың мақсатына сай идеализациялау көрінісіне қызмет жасайды.