Abstract
Дүниежүзі түркология ғылымының іргелі ошағының Аспан асты елі екені белгілі.Сонымен қатар, Қытай елі – көне түркі тарихы мен мәдениетіне қатысты мол әрі құнды деректердің ғанаотаны емес, көне түркі жазба жәдігерлерін зерттеуде де қыруар жұмыс жасап, толайым табысқа жетіпотырған мемлекет. Ежелгі қытай жазбаларындағы көне түркілерге қатысты деректерді айтпағанныңөзінде, тұтас ХХ ғасыр бойында, әсіресе ҚХР құрылғаннан бергі 70 жылдан астам уақыттан бергіқытай түркологтарының түркология саласында атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері,ашқан, ғылыми айналымға салған жаңалықтары ұшан-теңіз. Ол туралы арнайы сараптама жасау керекболса, оның өзі тұтастай монографияға жүк болуы мүмкін. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері ретіндебіз бұл мақаламызда Қытайдағы түркология саласының түркі әдебиеті мен фольклоры саласындаорындалған іргелі еңбектер мен атқарылған елеулі іс-шараларға шолу жасай отырып, Қытай еліндегітүркология ғылымының тарихы мен даму беталысын қарастыруды мақсат еттік. Атап айтқанда, бұлеңбекте Қытай елінде ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басында өмір сүрген қытай, қазақ, ұйғыр, дүңгенғалымдарының түркі халықтарының тіл-әдебиеті мен фольлоры саласындағы жарық көрген ғылымизерттеулері қарастырылады. Қазіргі таңда біздің түркология ғылымында Күлтегін, Білге Қаған, Төнікөкескерткіштерінің мәтіндерінен бөлек, орта ғасырлардағы көптеген көне ұйғыр, шағатай тілдеріндегіжазба ескерткіштердің мәтіндері әлі күнге дейін бейтаныс. Аталған олқылықтың орнын толтырумақсатымен қытайлықтардың аталған саладағы басты жетістіктері мен жетекші ғалымдарыныңнегізгі еңбектерін сараптап, саралап көрмекпіз. Осы мақсатпен Аспан асты еліндегі көне түркі жазбажәдігерлеріне қатысты зерттеу жұмыстарының жалпы барысы, басты жетістіктері негізгі тақырып өзегіретінде алынды.