Abstract
Мақала бүгін таңда өзекті болып табылатын студенттерді ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен еріктілік әрекетке дайындау мәселесіне арналған. Мақалада мәселеге теориялық талдау жасалады, «еріктілік» терминінің мазмұны, студенттік кезеңдегі еріктіліктің әлеуметтік феномені ашылады. Студенттердің еріктілік әрекетін ұйымдастыру шарттары қарастырылып, жоғары мектептегі еріктіліктің негізгі қағидаттары айқындалды. Авторлар университеттің оқу процесін ұйымдастырудың тиімді әдісінің бірі ретінде ретінде студенттік еріктілер әрекетінің дамуын атап өтеді. Мақалада студенттердің еріктілік әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеттері, студенттердің болашақ кәсіби маман ретіндегі әрекетін үйлестіру, оларды жұмыстың осы бағытына дайындау, басқа еріктілік ұйымдармен өзара іс-әрекет қажеттілігі туралы ашылып қарастырылады. «Bolashaq» академиясының педагогикалық білім беру бағдарламалары студенттерінің еріктілік әрекеті мәселелері бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелеріне талдау жасалды. Сауалнама нәтижелері негізінде авторлар қорытынды жасап, студенттерді еріктілік әрекетке дайындаудың маңыздылығын анықтайды. Сондай-ақ әдістемелік тұрғыдан ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау бойынша еріктілік жұмысты ұйымдастыруға және мазмұнына байланысты анықталған кейбір қиындықтарға тоқталады. Авторлар студенттердің қызығушылығын арттыру және еріктілік әрекетке тарту бойынша шаралар кешенін ұсынды. Түйін сөздер: еріктілік, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар, еріктілік әрекет, студенттер, инклюзия. Cтатья посвящена одной из актуальных на сегодняшний день проблеме подготовки студентов к волонтерской деятельности с детьми с особыми образовательными потребностями. В статье приводится теоретический анализ проблемы, раскрывается содержание термина «волонтерство», социальный феномен волонтерства в студенческий период. Рассмотрены условия организации волонтерской деятельности студентов, определены основные принципы волонтерства в высшей школе. Авторы отмечают в качестве эффективного способа организации воспитательного процесса вуза развитие студенческого волонтерского движения. В статье раскрываются значимые задачи организации волонтерской деятельности студентов, необходимость координации деятельности студентов как будущих профессионалов, подготовки их к данному направлению работы, взаимодействию с другими волонтерскими организациями. Приведен анализ результатов опроса студентов педагогических образовательных программ Академии «Bolashaq» по вопросам волонтерской деятельности. На основе результатов опроса авторами сформулированы выводы, определено значение подготовки студентов к волонтерской деятельности, были выявлены некоторые трудности, связанные с организацией и содержанием волонтерской работы по работе с детьми с особыми образовательными потребностями в методическом плане. Авторами предложен комплекс мер по повышению интереса и вовлечению студентов в волонтерскую деятельность. Ключевые слова: волонтерство, дети с особыми образовательными потребностями, волонтер- ская деятельность, студенты, инклюзия. The article is devoted to one of the urgent problems of preparing students for volunteer work with children with special educational needs. The article provides a theoretical analysis of the problem, reveals the content of the term "volunteering", the social phenomenon of volunteering in the student period. The conditions of the organization of volunteer activity of students are considered, the basic principles of volunteering in higher education are determined. The authors note the development of the student volunteer movement as an effective way of organizing the educational process of the university. The article reveals the significant tasks of organizing students' volunteer activities, the need to coordinate students' activities as future professionals, prepare them for this area of work, and interact with other volunteer organizations. The analysis of the results of the survey of students of pedagogical educational programs of the Academy "Bolashaq" on volunteer activities is given. Based on the results of the survey, the authors formulated conclusions, determined the importance of preparing students for volunteer activities, identified some difficulties associated with the organization and content of volunteer work to work with children with special educational needs in methodological terms. The authors propose a set of measures to increase the interest and involvement of students in volunteer activities. Keywords: volunteering, children with special educational needs, volunteering, students, inclusion.