Абай өлеңдері қолжазбаларының тілі (кейбір фонетикалық өзгешеліктер)

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2022-1-70-85
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасы − Абай Құнанбайұлы шығарма- ларының негізгі түпнұсқаларының бірі. Ұлы ақынның өлеңдерін хатқа түсіріп, баспаға әзірлеген Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) екені белгілі. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздерін ол данышпан ойшылдың көзі тірісінде-ақ қағаз бетіне таңбалай бастаған. Оның ыждаһатты еңбегінің арқасында бұл теңдессіз мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналып отыр. Сол заманның жазба әдеби тілін жетік меңгеріп, Семей өңірінде бала оқытып жүрген Мүрсейітке Абай өз өлеңдерін хаттауды тапсырған. Өкінішке қарай, Абайдың өз қолымен жазған авторлық қолжазбасы әлі табылған жоқ. Мақалада Мүрсейіт Бікеұлы араб қаріптерімен қағазға бедерлеген Абай өлеңдері қолжазбасының тілдік ерекшеліктері талданды. Қолжазба мәтінінің қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жағынан өзгешеленетін элементтері туралы қысқаша талдаулар жасалды. Фонетикалық заңдылықтарға қатысты мәселелер, атап айтқанда сингармонизм заңы, орфографиялық стиль, дыбыстардың ассимиляциясы, фонетикалық құбылыстар, емле ережелері секілді мәселелер қамтылды. Әр талдауға қолжазбадан дәлелдемелер, түпнұсқа өлең жолдары келтіріліп, бұған дейін жасалған Абай тілі туралы жазылған зерттеулерге қосымша толықтырулар ұсынылды.