ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭРОЗИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҰШЫРАУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖЕР МОНИТОРИНГТІК ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ

2021

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2021-1-4-126-134
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Адамдардың өмірінде жер жамылғысы ерекше орын алады, өйткені бұл кез-келген өндірістің және адамның өмір сүруінің алғашқы шарты және табиғи негізі. Проф. М.Н. Заславский (1980) "топырақ – адамзаттың ең құнды байлығы, жердің барлық табиғатының негізі, біздің негізгі табиғи ресурсымыз", - деп топырақтың адам өміріндегі рөліне сипаттама берген. Адамның табиғатқа әсері әрдайым өмір заңдылықтарымен, топырақ өнімділігімен үйлеспейтіндіктен, топырақ процестері нормадан ауытқиды, топырақ құнарсызданады, тозады, жойылады немесе толығымен жоғалады (эрозия, шаңды дауыл, тұздану, батпақтану және т.б.). Қарқынды эрозиялық процестер топырақ құнарлылығының төмендеуіне әкелді. Мақалада Қазақстан Республикасының жер қорының эрозиялық процестерге ұшырау жағдайларына жер мониторингтік деректер негізінде талданылған. Зерттеу нәтижесі бойынша республика аумағы жел және су эрозияларына ұшырау жағдайларының картограммасы жасалынды. Қазіргі уақытта республика аумағындағы 90 млн.га жоғары эрозияланған және эрозиялық қауіпті жерлер бар. Олардың ішінде нақты эрозиялық процестерге ұшырағаны – 29,3 млн. га. Картограмма бойынша әр өңірдің табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, эрозиядан қорғау шараларын жүзеге асыруға болады. Қолайсыз құбылыстың орын алуына себепті факторлар ескеріліп алдын алу, салдарын жою жөніндегі шаралар ұсынылған.