ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУДЫ АЙҚЫНДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2021

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2021-1-4-135-141
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің кадастрлық құнын анықтау әдістемесін құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы жер қорының, жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтер талданды. Жер учаскелерінің кадастрлық құнын өзектендіру оның өнеркәсіптің барлық салаларын, өндірістік емес сала объектілерін және ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың кеңістіктік базасы ретіндегі қоғамдағы ерекше рөліне байланысты. Салық салу құралы ретінде қаланың жер учаскелерінің кадастрлық құнына талдау жасалады. Жер қатынастарын реттеу, жер кадастрын жүргізу, сондай-ақ базалық ставкалар, оларға түзету коэффициенттерін қолдану бойынша құқықтық негіздер қарастырылды. Жер ресурстарын кадастрлық бағалаудың қабылданған нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізілді, осы салада қалыптасқан проблемаларды анықталды. Белгілі бір санаттағы жер қорының барлық ресурстары мемлекеттік кадастрлық бағалау объектілері болып табылады. Кадастрлық құн мемлекеттік және жеке меншіктегі әртүрлі мақсаттағы жер учаскелері үшін жалдау ақысын анықтау үшін қажет, сонымен қатар жерді сатып алу бағасын және сауда-саттықта қажет құнды анықтау үшін қолданылады.