ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ

2022

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-3-3-259-269
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қашықтықтан оқыту форматы-қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінің негізгі қарқынды даму үрдістерінің бірі болып табылады. Қашықтықтан оқытудың технологиясы мен мазмұндын білім беру жүйесіне енгізу көптеген түрлі қиындықтардың туындауына түрткі болды, олардың бірі бақылау іс-шараларын қадағалауды қамтамасыз ету, Оның өз кезегінде білім беру сапасын бақылау болып табылады. Туындаған мәселені сәтті шешуде қолданылатын басты құрал - прокторинг жүйесі. Мақалада қашықтықтан бақылау іс-шараларын жүргізуде қолданылатын білім алушының биометриялық жеке басын сәйкестендірудің әртүрлі тәсілдері қарастырылған. Биометриялық жеке басын сәйкестендіру тәсілдерінің басымдылықтары мен осал тұстарына талдау жасалды Пайдаланушының сәйкестендіру (дерекқордағы сәйкестіктерді іздеу) жүйесін емес, аутентификациялау (белгілі бір тұлғаны растау) жүйесін қолданған кезде барлық әдістердің дәлдігі айтарлықтай артатыны салыстырмалы талданып зерттелген. Жүйенің мультимодальдығы білім алушының қаржысына және ыңғайлылығына нұқсан келтірместен, емтихан кезінде өзара әрекеттесу және бақылау үшін әртүрлі мүмкіндіктерге ие бола отырып, жеке басын өте жоғары дәлдікпен растауға мүмкіндік беретіндігі қарастырылған. Қарастырылған теориялық талдау мен мониторинг қашықтықтан білім беру жағдайында тұлғаны сәйкестендіру кезінде мультимодальдық жүйенің болашағы зор деп тұжырымдап, прокторинг жүргізу кезінде оларды қолданудың мақсаттылығы жөнінде қорытынды ұсынылған.