ЕР ЖӘНІБЕК ТУРАЛЫ ТАРИХИ ЖЫРЛАР МЕН АҢЫЗДАРДЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.2-12
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Ер Жәнібек батырға байланысты туған жырлар мен аңыздарға талдау жасалады. Ер Жәнібек батыр – Абылай хан тұсында жасаған әйгілі батырлардың бірі, Абылайдың оң тізесінен орын алған тарихи тұлға. Ел арасында батыр атына байланысты жырлар мен аңыздар көптеп таралған. Онда баяндалатын оқиғалар қазақ пен жоңғар арасындағы соғыстарды арқау етеді. Тек бір жырда ғана қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыс айтылады. Аңыздарда Ер Жәнібектің туғанынан қартайған шағына дейінгі өмір жолы толық баяндалған. Батырға байланысты туған тарихи аңыздар мен жырлар Қазақстанмен қатар, Монғолия, Қытайдағы қазақтардың арасында да кең жайылған. Осы фольклорлық мұралар арасынан мақалаға өзек болып отырған төрт жыр мен сюжеті біршама күрделі төрт аңыз сараланып алынып, мақалаға негіз етілді. Зерттеу барысында жырлар мен аңыздардың жариялануында жариялаушылар мен құрастырушылар тарапынан мәтіннің алғашқы нұсқасын негізге алмай, кейбір сөз сөйлемдер мен шумақтарды, олардың тарихи мән-маңызына мән бермей өз ыңғайларына қарай өзгертіп жариялағанына көз жеткізілді. Сонымен бірге кейбір фольклорлық мотив сюжеттердің де бірнеше батырға, айталық Жәнібек, Тұрсынбай, Көбеш батырларға байланысты айтылатынына көз жеткізілді. Бұндай мотив сюжеттердің әр батырға байланысты туған аңыздарда айтылуы фольклорлық заңдылықтарға сай, бір-бірінен көшірме емес, қайта фольклордың табиғатына келетін ортақ дүниелер екеніне ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды. Сонымен бірге Жәнібек батырға байланысты туған жырлар мен аңыздардың да кейбір ортақ мотивтер мен сюжеттерді арқау еткеніне де сараптаулар жасалды. Мақалада Жәнібек батырдың өмір тарихын, күрес жолын арқау етіп жазылған, тарихи аңыздар мен жырларды арқау еткен романдар туралы да қысқаша мәліметтер берілді.