Күріш қауызы мен лигнин негізіндегі ұялы құрылымды көміртекті тасымалдаушы арқылы зәр қышқылын жою

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6771-2023-143-2-10-22
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі күнде биомедицинада ерекше назарға ие болатын перспективті бағыттардың бірі – беттік қабаты ферментпен модифицирленген ұялы құрылымды көміртекті тасымалдағыштардың биокатализ бен гемосорбцияда қолданылуы. Қан құрамында натрий уратының жоғары деңгейі бар гиперурикемиямен ауыратын науқастар подагра, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек тас ауруы сияқты ауруларға бейім. Зерттеу жұмысында ұялы құрылымды көміртекті тасымалдағыштар 75:25 қатынастағы күріш қауызы мен лигнин қоспасын экструзиялап, ары қарай карбонизациялау, дисиликация және бумен физико-химиялық активациялану жолымен алынған. Сканерлеуші электронды микроскопия, төмен температуралы азотты адсорбциялау әдісі арқылы көміртекті тасымалдағыштардың морфологиясы мен текстуралық сипаттамалары зерттелді: үлгілердің нанокеуектілігі анықталды; BЭT әдісі бойынша меншікті беттік ауданы -1323 м2/г, DFT моделі бойынша кеуектердің жалпы көлемі – 1,053 см3/г құрады. Уриказа ферментін көміртекті тасымалдағыштардың беттік қабатына 1,5 г көміртекті тасымалдаушыға 1 юнит фермент мөлшерінде байланыстырушы агент мето-п-толуолсульфонат 1-циклогексил-3-(2 морфолиноэтил) карбодиимидтің көмегімен иммобилизациялау жүргізілді. Натрий уратының субстратының адсорбция немесе катализ арқылы көміртекті тасымалдағыштардың көмегімен шығарылуын анықтау үшін зерттеулер рециркуляциялық жүйеде аргонның инертті ортасында және бөлме температурасында оттегі қатысындағы тотығу ортасында да жүргізілді. Беттік қабатына 1 юнит уриказа иммобилизденген көміртекті тасымалдағыш концентрациясы 66 мг/л болатын модельді ерітіндіден зәр қышқылын 92 % элиминациялауға қабілетті және ферменттің жуылып кетуі минималды шамада, ал артық мөлшері адам ағзасына түссе, аллергия тудыруы мүмкін. Көміртекті тасымалдаушының масса бірлігіне уриказа юнитінің санын ферментті иммобилизациялау әдісін оңтайландыру арқылы азайтуға болатындығы орнатылды.