АНТИКОАГУЛЯНТТАР НАРЫҒЫНА ШОЛУ ЖАСАУ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.22.82.047
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі уақытта заманауи медицина антикоагулянттар сияқты маңызды препараттарды кеңінен қолданады. Қазақстанның қазіргі заманғы фармацевтикалық нарығы тауар номенклатурасының, оның ішінде антикоагулянттардың тұрақты өсуімен сипатталады. Соңғы онжылдықта Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық тауарлардың барлық негізгі топтарының ассортиментін едәуір кеңейуі және толықтырылуы болды. Антикоагулянттардың тауар номенклатурасының ұлғаюы көбінесе Қазақстанның фармацевтикалық нарығында өндірілген препараттардың — шетелдік және отандық өндірушілердің көп санын тіркеумен байланысты. Бұл әртүрлі патологиялық жағдайларды, аурулардың жеке ерекшеліктерін, сатып алушылардың тұтынушылық қалауын фармакотерапияның заманауи тәсілдерін ескере отырып, қажетті дәрі-дәрмектерді таңдау мүмкіндігін едәуір арттырды. Зерттеу барысында Алматы қаласының фармацевтикалық нарығындағы антикоагулянттардың жалпы өсімі жайлы ақпараттар жинастырылды.Нарықтағы антикоагулянттардың COVID-19 пандемиясынан кейінгі жалпы тауардың ассортименті жайлы ақпараттар қарастырылып,оның өндіру көрсеткіштерінің өзгеруі жайлы ақпараттар алынды.Антикоагуянттардың нарықтағы динамикасы және олардың өсу тенденциялары жайлы ақпараттар қарастырылады.Нарықтағы бағаның көтерілуіне байланысты,тиімді позициялар анықталды.Антикоагулянттардың сұранысына әсерін тигізетін негізгі факторлар зерттеліп,оларға экономикалық,әлеуметтік,саяси,технологиялық сияқты факторлар екені анықталды.Отандық нарықтағы парентеральды жанама антикоагулянттар натрий гепарині, төмен молекулалы гепарин сияқты топтармен ұсынылды. Бұл топтың дәрілері парентеральды жанама антикоагулянттардың қатарындағы 72,8% мен 55,1% пакеттердегі мөлшері анықталды. Бұл қатардағы жетекші позиция сатылымы 3,5 миллион долларды шамалаған «Фраксипарин» препараты. «Фраксипарин» дәрілік препаратынның бәсекелесі – «Клексан» препаратының оригиналы — 86,3% сатылымның өсуін анық көрсетті. Қортындылай келе, Қазақстан нарығында соның ішінде Алматы қаласындағы антикоагулянттардың жалпы өсіміне,өндірілуіне,динамикасына шолу жасалып,олардың қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие екені анықталды. Шолу барысында Алматы қаласындағы ассортиментіне талдау жасалды.