Abstract
Мақалада Қарағанды облысында өсетін шәйқурай жапырақты тобылғы (Spiraea hypericifolia L.) өсімдік шикізатынан сұйық экстракт алу технологиясы көрсетілген. Заманауи технологиялар, атап айтқанда ультрадыбыстық экстракция, табиғи шикізатқа тән химиялық құрамын толық сақтай отырып және экстракциялық заттардың жоғары шығымдылығымен биологиялық белсенді заттардың концентраттарын алуға мүмкіндік береді. Ал технологиялық үрдіс кезінде алынатын белсенді заттардың концентрациясын реттеу мүмкіндігі негізгі фармацевтикалық субстанция ретінде табиғи компоненттерді пайдалану келешегін ашады. Шәйқурай жапырақты тобылғы (Spiraea hypericifolia L.) ультрадыбыстық сығындының ұтымды технологиясын әзірлеу КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» фармация мектебі зертханасының базасында жүргізілді. Қолданылған әдіс экстракциялау уақытын қысқартуға және энергия шығынын азайтуға мүмкіндік берді.