Abstract
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың көкейкестілігі негізделді, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері тұжырымдалды, зерттеу әдістері, әдіснамалық негіздері, нәтижелерінің практикалық маңызы сипатталды және зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге ендірілуі туралы мәліметтер келтірілді. Зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді талдау ғылымда негізінен жобаның категориялық жағы және тұтастай алғанда жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру процесі қарастырылғаны жазылған. Білімді ақпараттандыру жағдайында компьютерлік ақпараттық технологиялар көрсетілген. Алайда, жобаларды дайындауда жаңа технологияларды қолдану жеткіліксіз зерттелген және компьютерлік ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының жобаларды дайындаудың педагогикалық процесі мүлдем зерттелмеген және меңгеру сауаттылық ретінде қарастырылады. Мақалада бастауыш мектепте жобалық іс-әрекетті жүзеге асыру жағдайына сипаттамалар беріліп, бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың бағыттары мен мазмұны дәйектеледі. Жобалық іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларының оқытудың белсенді тәсілі ретінде қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып, әрі қарай зерттеуді талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырудың нәтижелері талдауға алынып, жобалық іс-әрекетін ұйымдастыру бағдарламасын жүзеге асырудың жолдары және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланады.