«Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәні және олардың зерттелу жайы

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ped1/72-84
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Интеллект мәселесі қанша ғасырлар бойы зерттеліп келе жатса да, оның табиғаты толық танылды деп айту қиын. Өйткені адамзат қоғамының дамуы алға қарай жүрген сайын, адамның барлық саладағы қызметі, іс-әрекеті дами бермекші. Ал уақыттың әрбір сәті жаңа интеллектуалдық әрекетті қажет етеді. Осыған орай бұл мақалада өмірдің барлық саласындағы интеллекті және интеллектуалдандыру мәселесін зерттеу қажеттігі дәлелденген. «Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәніне талдау жасалып, интеллект түрлері сипатталған. Әл-Кинди, Әбу Насыр әл-Фараби және басқа ғалымдардың интеллект туралы жіктемелері келтіріліп, әрқайсысының мазмұнына түсінік берілген. Адамның интеллектуалдық әрекеті дамыған сайын оның мінез-құлықтарындағы вариативтілік, икемделгіш мінезқұлық та зорайып, жаңа өлшемдерге ене бастайтыны көрсетілген. Демек, интеллект тұтас тұлғаның дамуының кіндік қазығы болып табылады. Өйткені адамның өзін қоршаған адамдармен, ортамен қарымқатынасының дұрыс болуы, ең алдымен, оның интеллектісіне байланысты. Сонымен қатар мақалада әлеуметтік интеллект адамның басқа адамдармен үйлесіп, тіл табысуынан және әлеуметтік мәселелерді жақсы білетіндігінен, топтағы басқа адамдардың пікірін қабылдай алатынынан танылатыны жөнінде айтылған. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адамның сипаттары қарастырылған. Әлеуметтік интеллект адамның белгілі бір топқа, әлеумет ортасына, тұтас қоғамға өзінің адамындай еніп кете алуы үшін, тұлғааралық, кәсіби қарым-қатынастарды талапқа сай құра алуы және соны ұстана білуі үшін қажетті қабілеттер жиыны екені анықталған.