Коронавирустық инфекцияның әйелдер репродуктивті жүйесіне әсері: әдебиетке шолу

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.2.2023.46-52
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Өзектілігі: Коронавирустың (COVID-19) пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаһандық дағдарысқа айналды. Бұл вирус негізінен тыныс алу жүйесіне шабуыл жасап, пневмонияға, жедел респираторлық дистресс синдромына (ARDS), ал ауыр жағдайларда өлімге әкеледі. Алайда, соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижелері COVID-19 инфекциясының дененің басқа жүйелеріне, соның ішінде әйелдердің репродуктивті жүйесіне әсер ету мүмкіндігін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты – коронавирустың әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсері туралы жан-жақты шолу жасау болып табылады. Материалдар мен әдістерi: PubMed, Scopus және Embase дерекқорларында 2023 жылдың қаңтарына дейін жарияланған тақырыпқа сәйкес тиісті мақалалар анықталып, жан-жақты зерттеу жүргізілді. Іздеу сұрауларына келесі кілт сөздері мен сөз тіркестері кірді: «COVID-19», «SARS-CoV-2», «әйелдердің репродуктивті жүйесі», «етеккір циклі», «жүктілік» және «фертилдік». Нәтижелерi: Зерттеулерді талдау нәтижелері SARS-CoV-2 вирусының әйелдердің репродуктивті жүйесіне әртүрлі жолдармен әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Ең жиі кездесетін әсерлердің бірі-етеккір циклінің бұзылуы, оның ішінде цикл ұзындығының, қан кету ұзақтығы мен қарқындылығының өзгеруі. Сонымен қатар, COVID-19 жүктіліктің асқыну қаупін арттыруы мүмкін, соның ішінде мерзімінен бұрын босану, преэклампсия және ұрықтың күйзелісі. Қорытынды: Зерттеулерге COVID-19 әйелдердің репродуктивті жүйесіне, соның ішінде етеккір циклінің бұзылуына және жүктіліктің асқынуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Алайда вирустың репродуктивті жүйеге әсер ететін нақты механизмдері түсініксіз болып қалуды. Бұл өзекті мәселе қосымша зерттеулерді қажет етеді.