Abstract
Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысы ашық қара-қоңыр топырақта өсірілген жоңышқа дақылдарының тамырының массасы мен қоректік элементтердің жинақталуын зерттеу нәтижелерінде көрсетілген. Жұмыс барысында фосфор тыңайтқыштарының әсерінен жоңышқа дақылы тамырының топырақ қабаттарында жиналуы мен олардың таралу қарқындылығы анықталды. Үш жылдық жоңышқаның тамыр жүйесінің таралуы оның жасы мен су құбылымына байланысты. Суармалы жағдайдағы жоңышқа дақылының жалпы тамыр салмағы 0-80 см топырақ қабатында үш жыл ішінде айтарлықтай жоғарылайды. Жоңышқа дақылының негізгі тамыры жыртылатын қабатта (0-20 см) орналасқан және барлық тамыр жүйесінің мөлшерініңшамамен 60%-ын құрайды. Алайда қоректену үшін өте маңызды ұсақ тамырлар топырақ қабатының 25-70 см тереңдігінде бірінші, екінші қосалқы тамырлардың жанында орналасқан. Бұл тамырлар шашақ тамырлармен бірге тамыр жүйесіндегі белсенді бөлігіне жатады. Нақ осы бөлікте азот сіңіретін түйнек бактериялары дамиды. Жоңышқа дақылының негізгі тамыр жүйесінің беріктігі мен тереңге таралуы нәтижесінде 2-3 жыл ішінде жалпы тамырдың құрғақ массасы құрамында азот, фосфор және калийдің жоғарғы мөлшері бар көп көлемді құрғақ масса жинақталады. Тамыр қалдықтарыныңқұрамындағы қоректікэлементтердің мөлшері негізінентопырақтың қайқабатындатаралғандығына байланыстышоғырланады. Жалпы алғанда үш жылдан соң жоңышқа дақылының тамыр жүйесінен топырақтың жыртылатын қабатында 50-60%, ал 0-40 см - 80-85% қоректік элементтер қалады