Abstract
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫАңдатпа.Бұл мақалада білім беру жүйесінде əлемдік тəжірибеде кеңінен қолданылатын "бұлтты технологияларды" қолданудың артықшылықтары туралы айтылады.Мақаланы білім берудің жаңа бағытына жол ашатын еңбек ретінде қарастыруға болады.Білім беру жүйесінде бұлтты технологияларды қолдануды үлкен өзгерістердің бастауы деп санауға толық негіз бар.Мақалада бұлтты технологияның соңғы жетістіктері жəне тұжырымдамалар, аналитикалық зерттеулер арқылы артықшылықтарды анықтай отырып, зерттеу жəне талдау арқылы білім беру жүйесінің артықшылықтары туралы айтылады.Білім беру жүйесінде бұлтты технологияны қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері қарастырылған.Сондай-ақ, осы технологияларды пайдалану кезінде оқытушылар да, білім алушылар да ие болатын артықшылықтар анықталды.Мақалада білім беру жүйесінде қолдануға болатын бұлтты технология қызметтерінің түрлері келтірілген.