МИКРОБҚА ҚАРСЫ ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ AIP-2 ПРЕПАРАТЫНЫҢТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨТКІР УЫТТЫЛЫҒЫ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.52.75.016
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қауіпсіз және тиімді биологиялық белсенді қосылыстарды іздеуге және құруға бағытталған басым іргелі зерттеулерді дамыту синтетикалық органикалық химияның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Бактерияға қарсы белсенділікке ие заттар медицина үшін өте құнды болып табылады. Дәрілік заттардың көп мөлшеріне қарамастан бактерияға қарсы жаңа заттарды іздеу және әзірлеу, ең алдымен патогендік ағзалардың әртүрлі антибиотиктерге бейімделуінің жоғары болуына байланысты өзекті міндет болып табылады. Зерттеудің мақсаты.Тақырыптың өзектілігіне байланысты бұл жұмыстың мақсаты пиперидин қатарынан тиімділігі жоғары микробқа қарсыAIP-2 препаратты алу технологиясын әзірлеу және оның өткір уыттылығын анықтау болып табылады. Материалдар мен әдістер. AIP-2 препаратының өткір уыттылығы in vivo тәжірибесінде массасы 18-24 гақ нашар тұқымды тышқандарға тікелей енгізу арқылы зерттелді. Нәтижелер мен талдау. Бұл жұмыс аясында тиімділігі жоғары микробқа қарсы пиперидин қатарындағы AIP-2 препаратын алу технологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қосылысты белсенді зат ретінде алудың технологиялық сызбасы 5 кезеңді құрады. in vivo тәжірибесінде массасы 18-24 гақ нашар тұқымды тышқандарға тікелей енгізу арқылы препаратының өткір уыттылығы зерттелді. Тәжірибелердің нәтижесі AIP-2 препаратын 1000 мг/кг мөлшерде, 3000 мг/кг мөлшерде, тіпті жоғары 5000 мг/кг мөлшерде енгізу жануалардың өліміне әкелмейтінін көрсетті. Демек, AIP-2 препаратының LD50 5000 мг/кг-нан астам болып шықты, бұл оны аз уытты заттардың 4-ші класына жатқызуға мүмкіндік береді. Қорытынды.Сонымен, осы жұмыс аясында тиімділігі жоғары микробқа қарсы пиперидин қатарындағы AIP-2 препаратын алу технологиясы ұсынылды. Белсенді зат ретінде AIP-2 қосылысын алудың технологиялық сызбасы 5 кезеңді құрайды. Оның өткір уыттылығын зерттеу нәтижесінде қосылысты аз уытты қосылыстарға жатқызуға болатындығы анықталды.