Abstract
Заманауи тасымалдау тізбегі ерекше күрделі объект болып табылады және оның сенімділігімен қауіпсіздігін қамтамасыз ету өз кезегінде өзіндік ерекшеліктеріне ие. Автокөліктермен тасымалдау тізбегінің сенімділігімен қауіпсіздігі көп жағдайда күмән тудырады. Тізбектің қай тұсында ойламаған кедергілер шығатынын алдан ала анықтау және білу мүмкін емес. Сондықтан тұрақты және сенімді тасымалдау тізбегін құру үшін қатысушылардың біртұтас жүйесін қалыптастыру қажет. Жаңа логистикалық тізбектер материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындарды басқару процестерін автоматтандыратын инновациялық технологиялар негізінде құрылуы тиіс. Автокөлік кәсіпорындарын сенімді жүргізушілермен, қызметкерлермен қамтамасыз ету әрдайым өзекті мәселесі.Сондықтан сенімді жұмысты қамтамасыз етуге инвестициялау, қызметкерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан тиімді қорғау үшін кешенді шаралар жүйесін әзірлеу керек. Өндіріс жағдайында психологиялық қызметті қамтамасыз ету маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оның құндылығы адамның өмірі мен денсаулығы болып табылады.