«Алпамыс батыр» эпосының генезисі жайында

Turkic Studies Journal, 2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2023-1-145-161
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

«Алпамыс батыр» эпосының пайда болуы мен қалыптасуы, таралу ерекшеліктері жөніндегі пікірлер біркелкі емес. Бұл туралы айтқан А.К.Боровковтың, Х.Т.Зариповтың және В.М.Жирмунскийдің көзқарастары кеңінен танымал. Осының ішінде жырды VI-VIII ғасырларда, Алтай тауларының оңтүстік бөктерлерінде пайда болып, XVI ғасырдың бас жағында Шайбаниханның көшпелі өзбектері Алпамыстың ерліктері жайлы баяндауларды Байсын бектігіне алып келіп, жыр Өзбекстанның оңтүстігінде қалыптасып, одан әрі өзбектер, қарақалпақтар, қазақтар арасында тарала бастады деп есептейтін В.М.Жирмунский пікірінің ғылымда үстемдік алғаны мәлім. В.М.Жирмунскийдің бұл концепциясы бірден қалыптасқан жоқ. Ол 1943 жылы «Алпамыстың» қоңырат эпосы екендігін айтқан болатын. Бұдан біз В.М.Жирмунский ұстанымыныңөзгеруіне қайчи (алтай жыршысы) Н.Улагашевтің айтуынан жазылып алынып, 1941 жылы жарық көрген «Алып-Манаш» батырлық ертегісінің себеп болғанын аңғарамыз. Жирмунский жырдың шығу төркінін «Алып-Манаштан» іздеу керегін айтқанымен, мұндағы қоңырат версиясымен, әсіресе, қазақ нұсқаларымен ұсақ-түйек ұқсастықтардың себептерін көрсетпеген. Егер «Алып-Манаш» ғалымның көрсеткеніндей, VI-VIII ғасырларда пайда болған болса, кейінгі он екі ғасыр ішінде версиялар арасындағы мұндай ұсақ-түйек ұқсастықтардың сақталуы мүмкін болмас еді. Керісінше, Улагашев жырлаған алтай нұсқасының қоңырат версиясының негізінде пайда болғанын мегзейтін нышандар көп-ақ. Осыларды және басқа да деректерді ескере отырып, «Алпамыс» эпосының батырлық ертегі және қаһармандық эпос түріндегі екі нұсқасының да 1200 жылдай уақыт бұрын Сырдария өзені бойында пайда болғанына көз жеткіземіз.