Essays on modern Tuvan culture

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2023-1-162-169
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Философия ғылымдарының докторы Ч.К. Ламажааның «Қазіргі Тува мәдениетінің очерктері» атты монографиясы қазіргі тува мәдениетін талдауға арналған. Қазіргі Туваның әлеуметтік-мәдени өмірі туралы негізгі материал тоғыз эсседе баяндалған және жинақтай келгенде, екі негізгі міндетті шешуге бағытталған: 1) тува қоғамының осы заманғы әлеуметтік және мәдени үдерістерін автордың тарихи контексте пайымдауы, 2) автордың туватану ғылымының дамутенденциялары туралы ой-толғаулары.«Ертеңгі күннен кейінгі күн» атты бірінші очеркінде Ч.К. Ламажаа тувалықтар санасында Галактикалар ауқымындағы Күн мен Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысымен сәйкестендірілген, Орталық Азия көшпелілерінің мәдениетіне тән «далалық уақыттың» бір түрі болып саналатын тыва уе тувалық уақыт категориясын қарастырады. «Ескі байланыстардың жаңа кеңістігі: телефондарда... шығамыз, кіреміз, жиналамыз» атты екінші эссе тувалықтардың ақпараттық коммуникациялар арқылы берілетін байырғы дәстүрлері мен қазіргі үн қатысуларының өзара әрекеттесуі және әсерлесуі тақырыбын талдауға арналған.«Рухтар қолдауы үшін» атты үшінші эсседе ғылым әлеміне таныс емес турлаг дагылгазы атты тува дәстүрінің талдауы ұсынылған.«Сенім және жаһандық мұраттар үшін» атты төртінші очерк Тува жерінде ерекше «тувалық» формада орныққан екінші дін – буддизмнің ерекшеліктерін ашып көрсетеді.«Отбасылық байланыстарды орнатудан – әлеуметтік таныстырылымға дейін» атты эссе тува мәдениетінің аз зерттелген нысаны – отбасының немесе үйлену салтының пайда болуы дәстүрінің әлеуметтік-мәдени функцияларын айқындауға арналған.«Этникалық бөліністерге қатысты ескі және жаңа көзқарастар» атты эсседе Тува отбасыларын рулар, сондай-ақ әкімшілік белгілері бойынша саралау мәселесі қарастырылады.«Саян сырты тувалықтарының мұраттары» эссесі басқа бір аз зерттелген – іс жүзінде бұрын тува халқына тән болмаған көші-қон мәселесіне арналған.«Ғалымдар Тува және тувалықтар туралы» атты сегізінші эссе мәдени құбылыстар мен әлеуметтік-мәдени үдерістерге арналған алдыңғы жеті эссені қисынды түрде жалғастырады.«Өз ортасына жат жандар немесе танымдық кері бұрылысты қалай жасау керек» атты соңғы эсседе автор ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми орталығы заңды түрде Тува болып саналатын туватану ғылымын талдайды. Сол уақыттан бері жинақталған тәжірибе ғылыми рефлексияға аз ұшырады және бұл олқылықтың орнын толтыра отырып, Ч.К. Ламажаа ХХ ғасырдың соңына қарай туватанудың қарқынды дамығанын, ал соңғы жылдары тоқырай бастағанын атап өтеді.Кітапты эсселер жанрында құрылымдау оны нақты оқырманның өз қалауы мен ізденісіне сәйкес келетін эсседен бастап оқуына мүмкіндік береді. «Қазіргі Тува мәдениетінің очерктері» атты еңбектің этнология, әлеуметтану, филология, мәдениеттану, философия сияқты білім салаларының өкілдері үшін қызықты болары сөзсіз.