Abstract
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МИФТІК ОБРАЗДАРМақалада халық ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері сараланып, мифологиялық талдаулар жасалынған.Ақынның тілдік қолданысындағы мифтік ұғымдағы сөздер жүйеленіп, түсіндірмелері берілген.Қазақ әдебиеті тарихында ақындық өнерімен елеулі мұра қалдырған ақындардың бірі -Жамбыл Жабаев.Ақын шығармашылығының көркемдігі, өлеңдеріндегі патриотизм әдебиеттану, фольклортануда бүгінге дейін зерттеліп келе жатыр.Дегенмен ақын шығармашылығындағы мифологиялық сарын толық ашыла қоймады.Жамбыл Жабаев шығармаларындағы мифтік бейнелер поэтикалық түстерінің байлығы, салыстырулар мен метафоралынып келуімен ерекшеленіп, халық арасындағы мифологиялық сананы тереңдетіп отырады.Оның жырларындағы әрбір образ -ауыз әдебиетіміздің қайнары, халық арманы мен қиялынан туған ортақ мүдде.Сол себепті, оның әр шығармасын тереңінен зерттеп, әрбір құбылысқа мән беріп отыруымыз қажет.Бүгінгі таңда көптеген ғалымдардың еңбектері ауыз әдебиетінің жекелеген аспектілерін, мифтік ескерткіштердің табиғатын зерттеуге арналған.Әдебиеттанушылар мен фольклористермен қатар оларға философтар, лингвистер, тарихшылар, археологтар, этнографтар және басқа да гуманитарлық ғылымдардың өкілдері жүгінеді.Алайда, осы уақытқа дейін Жамбыл шығармашылығындағы мифтік ескерткіштердің мотивтерін бейнелеу туралы монографиялық зерттеу жоқ.