INFLUENCE OF PHOSPHOGYPSUM ON THE RICE YIELD UNDER THE SALTED SOILS CONDITIONS OF THE KAZAKHSTAN ARAL REGION

2022

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2022.v63.i4.126
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақстандық Арал өңіріндегі Сырдария өзенінің төмеңгі ағысында күріш егуге арналған инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің көлемі 270 мың гектардан асады. Қазіргі кезеңде топырақтардың тұздану, сортаңдану, сілтілену және мелиоративтік жағдайының нашарлануы себебінен бұрын игерілген күріш ауыспалы егістері жерлерінің шамамен 100 мың гектары пайдаланылмай отыр.Аймақтың тұзданған топырақтарын игеруде күріштің топырақ жақсартушы дақыл ретінде маңызды өте ерекше,себебі күріш атыздарынан шығатын қашыртқы сулармен суда еритін тұздар шайылып кетеді. Арал теңізінің құрғауы бұл аймақта экологиялық дағдарыс тудырды. Биологиялық және экологиялық тепе-теңдікті бұзып, нәтижесінде Сырдария өзені суының минералдануы жоғарылап, күріш жүйелері топырақтарының тұздануы артты. Егісті суару суының жетімсіздігіне байланысты дән өнімділігін ұдайы арттыру күріш шаруашылығының өзекті мәселесі болып табылады. Айтылған мәселеге байланысты күріш суару жүйесінің сортандаңған және сілтілі топырақтарында кальцийдің қорын молайту мақсатында химиялық мелиориант фосфогипстің әртүрлі дозалары зерттелініп, олардың күріш дақылының өнімділігіне әсері анықталды. Қазақстандық Арал өңірінің күріш жүйелерінің тұзданған топырақтарында фосфогипсті мелиорант ретінде пайдалану мүмкіндігі айқындалды.Фосфогипсті күріш өсімдігіне азоттың 120 кг/га фонында қолдану, бұл дақылдың өнімділігін тыңайтқышсыз бақылау нұсқасымен салыстырғанда, екі есеге дейін жоғарылатты. Фосфогипстің 5 т/га нормасын азоттың 120 кг/га фонында қолданғанда, күріш өнімділігі суперфосфатты 90 кг/га дозасында қолданған нұсқадан асып түсті, бұл тұзданған топырақтарда өсірілетін күрішке фосфогипсті фосфор тыңайтқышы ретінде қолдануға мүмкін болатынын көрсетті