Ертістің Павлодар өңірі халқының демографиясының тарихнамасына

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-142-1-76-92
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Ертістің Павлодар өңірі халқының демографиялық дамуына тарихнамалық талдау жасауға ұмтылыс жасалған. Қазақстанның жекелеген аймақтары халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын кешенді зерттеу Отандық тарихи демографияның соңғы жылдардағы ірі жетістіктерінің бірі болып табылады. Осының нәтижесінде Отан тарихындағы ірі оқиғалар мен құбылыстардың халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуына тигізген ықпалы мен салдары арнайы, кешенді зерттеліп, көптеген тарихи оқиғалардың әлеуметтік-демографиялық салдарын терең тануға қол жеткізілді. Халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуының аймақтық ерекшеліктерін жіктеп, саралау мен талдау арқылы ірі оқиғалардың белгілі бір аймақ халқының дамуына тигізген ықпалын, салдарын нақты айқындап, тарихымызды терең тануға мүмкіндік туады, бүгінгі әлеуметтік-демографиялық мәселелердің себептеріне тарихи негізде ғылыми болжам жасауға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар әлеуметтік-демографиялық ізденістердің белгілі бір аймақтық зерттеулер аясында жүргізілуі салыстырмалы материалдардың негізін кеңейте отырып, теориялық тұрғыдан үлкен ғылыми маңызға ие бола алады. Ұсынылып отырған мақалада Ертістің Павлодар өңірі халқының демографиялық дамуына қатысты еңбектерді патша үкіметі кезеңіндегі, кеңестік дәуірдегі және тәуелсіздік жылдарында жазылған зерттеулер деп үшке бөліп қарастырдық. Кеңестік дәуірде жазылған еңбектердің басым бөлігінде негізінен халықтың сандық, сапалық құрамына талдау жасау, еңбек ресурстары мәселелері қамтылса, тәуелсіздік жылдарындағы еңбектерде патша үкіметінің отарлық саясатының, кеңестік саясаттың салдарларын саралауға және аймақтардың әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктері және оның себептері, салдарларын талдауға көңіл бөлінгендігін бір аймақ мысалында сараланған.