САУЫННАН КЕЙІН СИЫРЛАРДЫҢ ЖЕЛІН ҮРПІСІН САНИТАРИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ

2022

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2022/06
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аңдатпа Бұл мақалада, сауын сиырлардың желін үрпісін сауыннан кейін санитариялық өңдеу жұмыстарын іске асыруда, субклиникалық желінсаудың алдын алуға бағытталған отандық дезинфекциялық препарат құрастырылып, оның тиімділігін анықтау үшін, өндірістік жағдайда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі келтірілді. Қазіргі таңда, еліміздегі сүт бағытында өсіріліп отырған ірі қара шаруа қожалықтары сүттің көлемін арттыруға заманау технологияларды ендіріп, көптеген шаралар іске асырылып жатыр. Барлық шаруашылықтардың басты мақсаты – шикізат көлемін арттырып, халқымыздың сұранысын қамтамасыз ету мен қатар пайда көзін арттыру болып отыр. Сондықтан еліміздегі барлық шаруа қожалықтары бәсекеге қабілетті өнім өндірумен айналысу болып отыр. Сол үшін қайта өңдеу орындарында өндірілетін өнімдердің сапалы болуына, ең алдымен шикі сүттің сапасына көңіл бөлуді талап ететінін естен шығармағанымыз жөн. Өндірілетін сүттің сапасына әсер ететін факторлардың бірі - субклиникалық желінсау ауруын алдын алуға бағытталған бұл препарат, шетелдік препараттармен («Блокада», «Vet Clean I-Film») салыстыра отырып зерттегенде, олардан кем түспейтіндігі анықталып, аурудың жазылуына септігін тигізетіндігі анықталды. Біз құрастырылған препарат сауын сиырлардың желін үрпісінде бактериологиялық қорғаныс қабат түзіп (пленкалы қабықша), микроорганизмдермен ластану дәрежесін әлдеқайда төмендететіндігіне көз жеткізілді. Сондай-ақ, олардың желін үрпісінен ішке ену процесіне кері әсерін тигізетініде анықталды.