Abstract
Мақалада білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа моделі ретінде digital-ресурстық тәсілге арналған бірқатар зерттеулердің нәтижелері жинақталған. Осы жұмыстың мақсаты – білім берудің жаңартылған мазмұны контексінде тарих сабақтарына digital-ресурстарды енгізу үдерісін зерттеу. Тарихты зерделеуге тұрақты оқу мотивациясын қалыптастыру үшін, ең алдымен, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыратын оқыту әдістері мен құралдарын таңдау маңызды екендігі атап өтілді. Бұл мәселені шешудің әмбебап нұсқасы жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көрсетілген, нәтижесінде digital-ресурстық тәсіл білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа моделі болып табылады. Зерттеу барысында мұғалімдердің тарих сабақтарын жобалау кезінде digital-ресурстарды пайдалану мәселелері негізделген. Тарих мұғалімдерінің оқытуда digital-ресурстарды пайдалануға деген көзқарасы мен дайындығын және жақын арадағы перспективаларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізу арқылы 196 респондент сұралды. Жалпы алғанда, зерттеу (а) технологиялық интеграция дәрежесін сипаттауға және сандық бағалауға, (б) сандық ресурстардың мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған қолданыстағы зерттеу топтары аясында жүргізілді. Сонымен қатар, бұл зерттеу тарих сабағында digital-ресурстарды пайдалануға бағытталған, өйткені қазіргі уақытта сабақта digital-ресурстарды практикалық қолданудың белгілі бір тәжірибесі жинақталған.