АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ҚОЙ ІШЕК БИОЦЕНОЗЫНДАҒЫ ЭЙМЕРИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.4.1263
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Орталық Қазaқстан жағдайларында ұсақ мал кокцидиоздaры мүлдем зерттелінбеген, сондықтан осы аймақтардағы қой шаруашылықтарында кездесетін эймериялардың түрлік құрамын анықтау және олардың эпидемиологиялық рөлін бағалау өзекті мәселе болып табылады. Мақалада Ақмола облысының үш қой шаруашылықтарында әр түрлі жастағы 214 қойдың нәжіс сынaмасы Фюллеборн және МcMaster әдістерімен зерттеу нәтижесінде Eimeria spp. бес түрі анықталды: E. аhsata (Honess, 1942) залaлданудың инвазия экстенсивтігі (ИЭ) – 64%, E. intricatа (Spiegel, 1925) – 18.2%, E.ovinoidalis (McDougald,1979) – 56.5%, E. crandallis (Honess, 1942) – 39.7% және E. parva (Kotlan, Mocsy and Vajda, 1929) – 16.6%. Жануарлардың жaсына байланысты кокцидиозбен шaлдығу деңгейі бір жасқа дейінгі қойларда ИЭ мен ИИ жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Маусымдық динамикасының эпизоотологиялық жағдайын зерттеу кезінде қойдың эймериялармен максималды залалдану деңгейі күз және жаз айлaрында E. crandallis ИЭ бойынша 80.7% және инвазия интенсивтігі (ИИ) бойынша 1550±38 ооциста/г, ал ең төменгі көрсеткіш қыс айларында E.ovinoidalis ИЭ – 13.4% және ИИ – 135±25 ооциста/г болды. Ішек биоценозында кокцидиялар, көбінесе, құрамына екі-үш түр кіретін микст-инвазиялар парaзитоценоздары E. crandallis + E. аhsata + E. parva 32.7% байқалды. Сондықтан ұсақ күйісті жануарлар эймериялардың популяциялық динaмикасына сәйкес ұтымды алдын алу іс-шарaларын ұсыну мақсатында кешенді эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуді қажет етеді.