ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2022

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2022-55-2-46-56
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қазақстанның экономикалық дамуы үшін адам капиталының маңызы қарастырылды. Қазіргі кезде мемлекеттің дамуында зияткерлік әлеует пен инновациялар, жұмыс күшінің өнімділігі, кадрларды кәсіби даярлау, олардың ұтқырлығы аясындағы сұрақтар мемлекеттік деңгейде күн тәртібіндегі маңызды мәселелер екендігі көрсетілді. Еңбек ресурстарын бөлу схемасы келтірілген. Қазақстандағы еңбек нарығының кейбір мәселелерін ішкі еңбек көші-қонын құруға бағытталған іс-шаралар аясында шешуге болатындығы атап өтілді. 2017-2019 жылдардағы Қазақстанның еңбек нарығының негізгі индикаторларына талдау жүргізілді. Гендерлік бөліністе жұмыспен қамтылғандардың үлесі анықталды. Нәтижесінде әйелдер мен жастар арасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері анықталды. Еңбек нарығын дамыту үшін ұсыныстар берілді. Қазақстанның экономикалық дамуы үшін адами капитал мен зияткерлік әлеует пен инновацияның маңыздылығын көрсету болып табылады. Қазақстанның еңбек нарығының негізгі индикаторларына талдау жасау, жұмыспен қамтылғандардың жасы жынысы бойынша үлесін анықту арқылы әйелдер және жастар арасындағы жұмыссыздықтың орын алу себептері анықтау. Қазақстандағы еңбек нарығының дамуы кәсіпорындарды сапалы кадрлармен қамтамасыз етеді, оның ішінде: әйелдер және жастар арасындағы жұмыссыздықтың себептерін анықтау тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Әйелдер мен жастар арасындағы жұмыссыздықтың себептері анықталды. Еңбек нарығын дамыту және сапалы жұмыспен қамтамасыз ету бағыттары ұсынылды. Ол үшін жұмыс күшінің дамуын болжаудың ұлттық жүйесін құру; жұмыс берушілер қызметкерлердің білімі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды бекітетін ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру; формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу; еңбек делдалдығының тиімді моделін құру секілді ұсыныстар келтірілді.