Abstract
Ұзындығы анықталмаған қолжазба бейнесін танып білу қойылған тапсырмасы үшін CNN-LSTM композиттік нейрондық желі моделі ең тиімді болып анықталды. Нейрондық желі моделінің параметрлерінің мәндерін анықтау үшін мақалада олардың бекітілген өлшемді терезеде көрсетілген биометриялық кескіндерінің екі өлшемді геометриясын талдау негізінде пайдаланушының биометриялық аутентификациясының тапсырмасына үйірткілі нейрондық желінің құрылымын бейімдеу принциптері қарастырылады. CNN-LSTM параметрлерінің мәндерін бейімдеу алгоритмінің үлкейтілген блок-схемасы әзірленді және ұсынылды. CNN-LSTM параметрлерінің мәндерін бейімдеу алгоритмін жүзеге асыру нәтижесінде бейімделген CNN-LSTM нейрондық желі моделінің құрылымы алынды. CNN-LSTM тиімділігін бағалау үшін осы нейрондық желі моделінде жүзеге асырылған жүйенің нәтижелерін тестілеу уақыты мен екінші типті қателік бойынша басқа жүйелермен салыстырмалы талдау жүргізілді.