Abstract
Мақалада әртүрлі мұнай кен орындарының мұнайпласт суларынан оқшауланған микроорганизмдер сипатталған, олар микробтық мұнай бергіштікті арттыру (MEOR) әдістерін зерттеудің негізгі объектілері болып табылады. Микроорганизмдер мұнайды алу үшін потенциалды пайдалы бірқатар метаболиттерді (биомасса, биосурфактанттар, биоқышқылдар, биоеріткіштер, биополимер, биогаз) бөліп шығарады. Бұл метаболиттер мұнайдың тұтқырлығын және беттік белсенді зат ретінде мұнай мен су арасындағы фазааралық үйкелісті азайтуға, оның кеуектілігі мен өткізгіштігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар үш белсенді «Жетібай», «Құлсары» және «Ақінген» кен орындары ұңғымаларының және бірнеше жыл бойы әлемнің әртүрлі мұнай кен орындарының мұнайпласт сулары микроорганизмдерінің таксономиялық биоәртүрлілігі туралы баяндалған. Мұнай микроорганизмдерінің маңызы, оларды зерттеу, MEOR процестерінің маңызы, халықаралық және Батыс Қазақстан мұнайпласт суларынан оқшауланған мұнай микробтарын өзара салыстыру және осы микроорганизмдердің болашағы туралы мәліметтер жинақталған. Сондай-ақ мақалада Bacillus sp., Pseudomonas sp. сияқты қоршаған ортаның қолайсыз өзгерістеріне қарсы, иммунитеті жоғары микро-организмдер туралы ақпарат берілген. Бұл түрлер беттік белсенді заттар, газдар, спирттер, қышқылдар және биополимерлер бөліп шығарады. Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындары микроорганизмдерінің таксономиялық биоалуантүрлілігінің ұқсастығы және олардың келешегі, сонымен қатар алыс елдердің мұнай кен орындарындағы микроағзаларды МЕОR процестерінде пайдалануы талқыланған.