ҚАЗАҚ САЯСАТКЕРІ СӨЙЛЕУ ПОРТРЕТІНДЕГІ ПРЕСУППОЗИЦИЯЛАР МЕН ИМПЛИКАТУРАЛАР

2022

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/vbsx1339
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

"Осы мақалада қазақ саясаткерлері сөйлеу портретінің прагматикалық аспектілері, пресуппозиция мен импликация ерекшеліктері қарастырылады. Саясаткерлер сөйлеу портретін зерттеудің қажеттілігі бүгінгі қоғамда саясат қайраткерлерінің сөз саптау, астарлап сөйлеу, саралап сөйлеу, шешендігі сияқты мәселелер өзектілігінің артуы негіз болды. Зерттеу материалы ретінде қазақ саясаткерлерінің көпшілік алдында сөйлеген сөздері, берген сұхбаттары, әңгімелесуі, әлеуметтік желіде жазған посттары талданып, прагмалингвистикалық ерекшеліктері айқындалды. Прагмалингвистикадағы пресуппозиция дискурста әлем туралы астарлы болжам немесе сол тұстағы сенім екендігі және оның растығы айтылым барысында күмәнсіз қабылданатынына мысалдар келтірілді. Талдау барысында пресуппозициялар айтушы мен тыңдаушыға да белгілі болуы керек шарттылығы, орындылығы, оның жай хабарлама немесе теріске шығару, сұрақ ретінде болуы нақты бір грамматикалық белгімен (пресуппозиция триггері) немесе лексикалық элементпен байланысты болатын тұстары қарастырылады. Саяси бағыттағы сөйлеуде саналы және бейсана түрде тыңдарманға немесе оқырманға ықпал ететін тілдік бірліктер, айтылымдар (высказывания) мен фразалардың прагмалингвистикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріліп, саясаткерлердің сөйлеу портреті негізін құрайтын доминанттық белгілерге назар аударылды. Қазақ саясаткерлері сөздеріндегі пресуппозициялар мазмұны, прагматикалық мағынасы, қисындылығы, орындылығы жағынан қарастырылды."