"«ТӘРЖҮМАНДАҒЫ» СОМАТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫМЫЗДАҒЫ КӨРІНІСІ"

2022

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/sfmh7356
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

"Қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігі саналатын тілді адамзат тарихының айнасы деуге болады. Себебі тілдік бірліктер этнос дамуының әр кезеңіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды тап басып таңбалап отырады. Уақыт ағымына сәйкес қолданыстан шығып қалған көптеген заттар мен құбылыстарға қатысты ақпаратты олардың тілде сақталып қалған атауларынан білеміз. Әсіресе, күллі тіршілік иелерінің ішінен адам баласын ерекшелеп, «Кім?» деген сұрақты еншілеп берген түркі халықтарының жазба мұраларына назар аударсақ, көптеген қызықты мағлұмат аларымыз даусыз. Онда қатталған тілдік деректер қазіргі ғылымда басымдық беріліп отырған антропоөзекті парадигмаға сәйкес тілді оны қолданушы адамның өзін тану бағытында зерделеу тұрғысынан алғанда маңызды рөл атқарады. Сөздік құрамының негізгі бөлігіне жататын соматизмдерді зерттеу тіл мамандары үшін ғана емес, медицина, физиология, психология, антропология, археология саласындағы ізденушілер үшін де маңызды. Себебі соматизмдердің қатысуымен жасалған түрлі фразеологиялық, паремиологиялық бірліктерде белгілі бір дәрежеде ұлттық менталитетіміз, сан ғасырлық тарихы бар дүниетанымымыз да көрініс табады. Сондай-ақ соматизмдер арқылы жасалған тұрақты тіркестерді тіліміздің байлығын танытатын деректер ретінде қарастыру мақала тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Осымен байланысты автор орта ғасыр жазба ескерткіші «Китаб Тарджумандағы» соматизмдерді қазіргі қазақ тілі материалымен салыстыра зерттеуді мақсат еткен. Мақалада жазба ескерткіште кездесетін соматизмдерге лексика-семантикалық сипаттама беріледі, олардың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқалары, олардың қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер салыстырыла талданады."