ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ ЕТТІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ТІРІЛЕЙ КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.3(114).1095
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының тірі кезіндегі еттілік қасиеттерін бағалау нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары26.10.2021 – 17.02.2022 аралығында Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Новобратское ауылы, «Новобратское и К» ЖШС-де өткізілді. Тәжірибе жүргізу үшін 127 бас 7-10 айлық бұқашықтар іріктелініп алынды. Бағалауғақойылған бұқашықтардың бастапқы орташа тірілей салмағы 247 кг, бағалау кезеңінің соңында 336 кг құрады және осы кезеңдегі орташа тәуліктік өсім824,3 г болды. Бағалау кезеңінде арқадағы майдың орташа қалыңдығы 3,11 мм, арқадағы майдың жоғарғы қалыңдығы - 7,57 мм, ал ең төменгі қалыңдығы - 1,67 мм болды. Табын бойынша бұлшықет көзінің орташакөлемі - 45,95 см2, ал ең жоғарғысы - 70,90 см2 және ең төменгі көлемі - 30,50см2 құрады. Зерттеу барысында бұлшықет мәрмәрлығы бойынша жоғарыбаллға (ААА) ие болған 9 бұқашық анықталды.