Abstract
Жұмыс сарқынды сулардағы жиналған тұнба шөгінділерін сусыздандыру мәселесіне арналған. Ол үшін сарқынды суды "Байкал ЭМ", "БИОПАГД" және "Биофокс-Оксидол" препараттарымен өңдеу бойынша тәжірибелік жұмыстар нәтижелері келтірілген. Препараттарды пайдаланудың оңтайлы мөлшерлері анықталған және оның шламды сусыздандыру мен иіссіздендіруде ерекшеліктері баяндалған. Жұмыс нәтижелері экологиялық таза қоршаған ортаны құру, кәріз ағындарымен ластанудың алдын алу, қалалар мен ауылшаруашылық жерлерінің зиянды қалдықтармен және қауіпті химиялық қосылыстармен ластануының алдын алу мәселелерін шешуде маңызды болып табылады.