БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӘРТҮРЛІ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕРДЕ КҮЗДІК БИДАЙ ӨСІРУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАҒЫ ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА МИНЕРАЛДЫ АЗОТТЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1087
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қоректік заттар топырақ құнарлығын ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігін анықтайтын маңызды элементі болып табылады. Тыңайтқыштарды қолдану жүйесі, топырақты өңдеу әдістері, ауыспалы егісте дақылдарды таңдау және басқа да агрономиялық шаралар олардың топырақтағы құрамына байланысты. Батыс Қазақстан облысының топырақтар құрамында азот мөлшері төмен болады. Азот мөлшерінен өнімділік мөлшері ғана емес, сонымен қатар күздік бидай дәнінің сапасы да байланысты. Азот топыраққа органикалық заттардың минералдануы немесе түйнекті, еркін өмір сүретін бактериялар бекіту нәтижесінде енеді. Азоттың қосымша ресурсы - тыңайтқыштарды қолдану болып табылады. Батыс Қазақстан облысындағы ұзақ стационарлық тәжірибеде ауыспалы егістер мен минералды азот тыңайтқыштарының күздік жұмсақ бидай егістіктеріндегі негізгі қоректік заттар құрамының динамикасына әсері зерттелді. Тәжірибе 2006-2008 жылдары "Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми-зерттеу мекемесінің алаңында жүргізілді. Зерттеулер 3-танапты дәндіпарлы, 4-танапты дәндіпарлы, 4-танапты дәндіотамалы және 5-танапты дәндіпарлы ауспалы егістерде жүргізілді. Тәжірибелік топырағы-қара қоңыр, ауыр сазды, егістік алқапта 3,0-3,5% қарашіріктен тұрады. Минералды азот тыңайтқыштарын қолдана отырып, ауылшаруашылық дақылдарының вегетациялық кезеңінде 0-20, 20-40, 0-40 см қабаттардағы азот құрамының динамикасын зерттеудің 3 жылдық деректері талданды.